Футболдан Швеция құрама қомандасының шабуылшысы шіркеуді сатып алып, тұрғын үйге айналдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - "ПСЖ" және Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович Стокгольмдегі евангель шіркеуін сатып алды, деп жазады"Газета.Ru".
Аты аталмаған дереккөздің ақпаратына сүйенсек, ол футболшыға €4,7 миллионға түскен. Төрт қабатты ғимаратты сатып алғаннан кейін ол оны жөндеп, тұрғын үйге айналдырды. Францияда өтіп жатқан чемпионатта шабуылшы 19 матч өткізіп, 12 гол соққан.