Футболдан турнирге жиналған ел журналистері Түркістанды аралап көрді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында футболдан журналистер арасындағы республикалық турнир қатысушылары үшін баспасөз-туры ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футболдан турнирге жиналған ел журналистері Түркістанды аралап көрді

«Жаңарған Түркістан» атты турнирге қатысушы командалар алдымен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тәу етті. Кейін, бокстан Олимпиада чемпионы, Түркістан топырағының тумасы Бекзат Саттархановтың, чемпионмен іргелес жатқан біртуар қаламгер Садықбек Адамбековтің және белгілі ақын Қаныбек Сарыбаевтың рухына құран бағыштады.null null

Сондай-ақ республиканың түкпір-түкпірінен жарысқа келген журналистер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысының киелі орындарын аралады. Отырар ауданына аялдаған олар Арыстан баб кесенесіне зиярат етіп, көне Отырар қалашығының шежірелі тарихын еске түсірді.null

Бұдан бөлек, облыс мақтанышына айналған ірі кәсіпорындардың, Ордабасы ауданындағы «Александровский сад» ЖШС-ның, «Бөрте-милка» сүт тауарлы фермасының жұмысымен танысты. null

«Александровский сад» Ұялыжар ауылында 17 гектар жерге орналасқан. ЖШС жаңа технологияны пайдалана отырып, тамшылатып суару әдісімен күн өткізбейтін тор тарту арқылы бау (алма) егуді қолға алған. Ал автоматтандырылған жаңа технологиялы сүт өңдеу зауыты тәулігіне 40 тонна сүт өнімін өңдеуге қауқарлы. Қазіргі таңда «Бөрте милка» сауда таңбасымен қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, йогурт өнімдері шығарылады.null null

Айта кетейік, Түркістан облысы ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Жаңарған Түркістан» республикалық футбол турнирінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының журналистерінен құралған командалар бақ сынайды.

null null null null null

null