Футболдан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізді

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Испанияда өтіп жатқан Еуропа 2008/2009 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін кеше чехиялықтармен өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. Нунси қаласында өтіп жатқан бұл дүбірлі додада Қазақстан мен Чехия командаларының кездесуінде алаңдағы басты төреші кипрлік Л. Тратту болды. Қазақстандықтар өз қарсыластарына 0:3 есебімен есе жіберді. Енді келесі ойынды Александр Арефьевтың шәкірттері наурыздың 14-інде алаң иелерімен өткізеді. Ал чех футболшылары бельгиялықтармен сайысқа түспек.
Соңғы жаңалықтар