Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Футболдан жасөспірімдер құрамасы жеңілістен көз ашпай келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде өтіп жатқан Даму кубогы халықаралық турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (2001 жылғы футболшылар) 10-12 орын үшін плей-офф матчында Финляндиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды «Sportinform» САА.

Футболдан жасөспірімдер құрамасы жеңілістен көз ашпай келеді

Минск футбол манежінде өткен ойын 1:3 есебімен аяқталды. Біздің команданың сапынан шабуылшы Матвей Герасимов гол соқты.

Қазақстандық футболшылар турнирдегі соңғы кездесуі 28 қаңтарға белгіленген, Ресейге қарсы ойнайды.

Қазақстан - Финляндия 1:3 (1:1)

Голдар: 0:1 - Местокангас, 13; 1:1 - Герасимов, 33; 1:2 - Карлстрём, 47; 1:3 - Олликайнен, 58.

Ескерту: Демин, 47; Әжімов, 56;

Алаңнан қуылған ойыншы: Демин, 68.

Қазақстан: Қалтөре (Батырханов, 55), Иманғазеев, Жақсылықов, Жүсіпов, Дүйсембаев, Шәміл, (Демин, 38), Қайтмұратов, Жарлаев, Басманов (Әжімов, 55), Сейітов (Мұхамедов, 68), Герасимов (Меделхан, 48). Резерв: Неумывакин, Мұхамед.

Финляндия: Синисало, Хамалайнен, Хайсканен, Ларссон (Олликайнен, 47 (Толонен, 77)), Карлстрём, Абладе, Вискари, Сипола, Лайтинен, Местокангас, Сейдиу. Резерв: Шмид, Райтанен, Хикканен, Саллинен, Ханнола, Рале.