Футболдан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турындағы алғашқы кездесуін өткізу үшін Болгарияға аттанып кетті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы кездесуін өткізу үшін бүгін Болгарияға аттанып кетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпанның 4-інде өткен жеребе нәтижесі бойынша қазақстандықтар  Израиль, Швеция, Болгария және Черногория құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрсетпек.  Самвел Костандяннан түлектері алғашқы кездесуін қыркүйектің 4-і күні Болгарияның Ловече қаласында өткізеді.

Ел намысын   бұл жолы  қақпашылардан: Андрей Запорощенко («Тобыл»), Никита Калмыков («Ертіс») пен  Ильдар Шайхесламов («Ақтөбе»),   ал қорғаушылардан:  Алексей Макаров, Александр Шкот («Тобыл»), Талғат Адырбеков, Дамир Даутов ( «Локомотив»), Дмитрий Шомко («Ертіс»), Бақыт Әбуов («Атырау»), Максим Семенов («Ақтөбе»), Антон Молтусинов («Восток») қорғайды. Онда бапкерлер кеңесі сондай-ақ, жартылай қорғаушылардан: Сабырхан Ибраев, Вячеслав Сердюков («Тобыл»), Аслан Дарабаев, Руслан Кенетаев ( «Шахтер»), Марат Шахметов («Локомотив»), Тимур Досмағамбетов («Оқжетпес»), Захар Коробов («Жетісу») пен Павел Шабалинге («Ертіс»), шабуылшылардан: Хасан Абдукаримов («Ордабасы»), Ерзат Кенбаев («Жетісу») пен  Сергей Шаффқа («Шахтер») үміт артып отыр. 

Соңғы жаңалықтар