Футболдан жастар құрамасының ұшағына жай түсті

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Ресейдің футболдан жастар құрамасы мінген ұшаққа жай түсті. Олардың барлығы дін аман.
None
None

Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіне «Локомотивтің» жартылай қорғаушысы Тарас Бурлак жазған.

Ұшақ Мәскеуден Израильдегі Еуропа чемпионатына бет алған-ды. «Біздің ұшақ көкке көтерілген кезде оған жай түсті. Бірақ біз Израильдеміз, қазір жаттығуға бара жатырмыз», - дейді аяқдопшы.

Еуро-2013 додасының топтық кезеңінде ресейлік құрама испандықтармен, нидерландықтармен және германиялықтармен бақ сынасады.

Соңғы жаңалықтар