Футболдан жолдастық ойында Қазақстан жасөспірімдері Тәжікстанмен тең ойнады
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесуде тең түсті.
Шымкентте өткен ойында біздің құрама сапынан Расул Әкімов мергендік танытты.
Енді тағы бір жолдастық ойын 8 қыркүйекке белгіленген.
Айта кетсек, жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда БИІК футбол базасында басталады.
Тәжікстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2018 жылы Азия Кубогының күміс жүлдесін жеңіп алған. Биыл Сауд Арабиясында өткен құрлықтық жарыстың ширек финалына жетті.
Сондай-ақ олар 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдаманы жеңіп алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтіп жатқан «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық турнирін жеңіспен бастады.