Футболға тіккен ақшасынан ұтылып қалған студент терезеден секіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда екінші курс студенті футболға бәс тігіп, 3 мың долларынан ұтылып, университет кампусының жетінші қабатындағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды interfax.ru.

Футболға тіккен ақшасынан ұтылып қалған студент терезеден секіріп кетті

Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, марқұм біреумен 10 минуттай телефонмен сөйлесіп, ұтылған ақшасын қайтаруға біраз уақыт беруін өтінген. Сөйлесіп болғаннан кейін шығып кеткен. Жас жігіт бірден ауруханаға жеткізілгенмен дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Курстастары артынан оның Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының бірнеше матчына бәс тігіп, 20 мың юань ($3,2 мың) ұтылып қалғанын айтты. Ал оған ақшаны студент біреуден қарызға алып, үстемесімен қайтарып берем деп уәде берген екен.