Футболистке найзағай түсіп, қаза тапты

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - 29 маусым күні Украинаның Луганский облысында соққан дауылдың салдары қатты болды. Бұдан бөлек, табиғаттың тосын мінезінен бір адам қаза тауып,

Футболистке найзағай түсіп, қаза тапты

бірнеше жергілікті футболистер зардап шекті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Бірінші қайғылы оқиға Брянка қаласының шетіндегі Криворожье ауылында болған. Сол күні кешке спорт алаңында футболдан жасөспірімдер арасында қалалық чемпионат өтіп жатқан. Краснополье және Криворожье ауылдарының командалары ойнаған. Ауа райы өзгере бастағанымен, оған ешкім назар аудармаған. Ойынның қызған кезінде бір футболистке найзағай түсіп, қаза тапты.

Ол Криворожье командасының қорғаушысы - Стаханов медучилищесінің 17 жасар студенті. Тағы сегіз баланы ауруханаға жеткізуге тура келді.