Футболшы 50 жылға ойыннан шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық «Португалия» футбол клубының ойыншысы Рикарду Феррейра төрешіге қол көтергені үшін 50 жылға ойыннан шеттетілді. Оқиға Швейцариядағы чемпионатта «Португалия» мен «Ворб» командаларының кездесуі кезінде болды.

Футболшы 50 жылға ойыннан шеттетілді

Феррейра запастағы футболшы ретінде ойынды тамашалап отырған. Ойын соңында оның футбол клубы жеңіліске ұшыраған соң (0:1), ол бірден төрешіге тап қоя берген. Алдымен ол төрешіге бірнеше рет доп лақтырған, кейін үстіне су құйып жібереді. Тәртіп комитеті оны осы қылығы үшін 50 жылға футболдан шеттетті.

Дисквалификция мерзімі 2064 жылы ғана аяқталады. Ал ол кезде футболшы 78 жаста болады.