Футболшы Андрей Аршавин әйеліне алимент төлемеу үшін мансабынан бас тартуы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік "Зенит" клубына футболшы Андрей Аршавиннің жалақысының жартысына жуығын ұстау туралы сот талабы келіп түсті.
Әңгіме шамамен 5 миллион рубль жайында болып отыр. Ақша А.Аршавиннің бұрынғы азаматтық некедегі әйелі мен оның балаларын асырауға жұмсалмақ.
Андрей Аршавин мен Юлия Барановская он жылдай бірге тұрды; өткен жылы жазда ажырасқан. «Фонтанка.Ру» сайтының дереккөздеріне сүйенсек, спортшы бұрынғы сүйіктісіне жалақысының жартысын бергенше, мансабын тезірек тоқтатуға әзір екендігін айтқан.