Футболшы Аруна Лукман «Қайраттан» 1 млн. 200 мың еуро жалақы сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Махачкалалық «Анжимен» келісімшарты аяқталған киевтік «Динамоның» нигериялық жартылай қорғаушысы Аруна Лукман алматылық «Қайратқа» ауысуы мүмкін.
None
None

Алайда, екіжақ келіссөзі тұйыққа тірелді. Лукман бір миллион жалақы және жылына екі жүз мың еуро сұрады.

«Қайрат» едәуір аз төлемге қабылдауға әзір. Келісім сомасы жылына 600-ден 700 мың еуроға дейінгі аралықта жүруде. Сондай-ақ, нигериялық спортшы жеке аудармашы қажеттігін айтқан, деп жазады sports.kz.
2011 жылы Аруна «Динамоға» ауысқан. «Анжи» құрамында ол 12 матчқа қатысты, 1 гол соғып, 1 голдық пас жасады, 4 сары карточка алды.

Соңғы жаңалықтар