Футболшы клуб бапкерін тапаншамен қорқытып, командадан орын талап еткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның "Эскуэла Президенте Рока" клубының ойыншысы Цезарь Пагани жаттықтырушысын тапаншамен қорқытып, оны бастапқы құрамға қосуын талап еткен, деп хабарлайды AS.

Футболшы клуб бапкерін тапаншамен қорқытып, командадан орын талап еткен

Оқиға жаттығу кезінде болған. «Мен бұл клубта 45 жылдан астам уақыт жұмыс істеймін, бірақ мұндай жағдай басымнан бірінші рет өтті», - деді жаттықтырушы Кристиану Нейру. Болған оқиғадан кейін ол отставкаға кеткен.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысып жатыр. Клубтың президенті атап өткендей, бұдан бұрын Пагани танысы арқылы клубта бірге ойнайтын споршыны да қорқытқан.