Футболшы лотереядан 1 млн еуро ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландиялық футболшы Кевин О'Коннор Рождествоға арналған лотереядан 1 млн еуро ұтып алды. Бұл жайлы The Irish басылымы жазды.

Футболшы лотереядан 1 млн еуро ұтып алды

Ойыншыға лотерея билетін Рождество сыйлығы ретінде оның нағашысы «Бар жақсылықты тілеймін» деген ниетпен берген.

22 жастағы О'Коннор Англия чемпионатының екінші дивизионы  - чемпионшипте өнер көрсететін «Престон Норд Энд» командасының қорғаушысы.