Футболшы ойын кезінде қолымен жүргені үшін жазаға тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенегальдық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Ибраим Туре ойын кезінде қолымен жүргені үшін жазаға тартылды. Бұл туралы кеше, 3 ақпанда Metro жазды.

Футболшы ойын кезінде қолымен жүргені үшін жазаға тартылды

Бұрыштама допты соғуды күтіп тұрған сәтте Туре айып алаңында қолымен жүрген. Футболшының бұл қылығы қарсыластары - «Аль-Шарджа» командасы ойыншыларының жүйкесін жұқартқан. Олар сенегальдықты алаңға итеріп құлатты. Мұның аяғы жанжалға соқтыра жаздады. Нәтижесінде Туреге сары карточка көрсетілді.

Бұл кездесу «Аль-Наср» командасының жеңісімен аяқталды. Есеп - 4:1.