Футболшы жасыл алаңда найзағайдан опат болды
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Жас футболшы Давид Сальдивар Тобар жексенбі күні Сальвадордың шығысында болған ойын кезінде найзағайдан опат болды,
тағы бір спортшы жарақат алып, жақын маңдағы Сан-Мигель госпиталіне жеткізілді, деп хабарлады сейсенбі күні EFE агенттігі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
YSKL Radio радиостансасының ақпараты бойынша, қаза тапқан ойыншы сальвадорлық "Алетико Морасан" командасының мүшесі болған, бірақ ол қайғылы оқиға болған қыркүйектің 27-сі күні өзінің туған қаласының "Эль-Дивисадеро" командасының құрамында ойнаған.
Бұл - ағымдағы жылы Сальвадордың шығысында найзағайдан опат болған екінші футболшы. Осыған ұқсас оқиға маусым айында орын алған болатын.