Футболшы Златан Ибрагимовичтің отбасында қайғылы жағдай орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович қайғылы жағдайға байланысты бірнеше матчқа қатыса алмауы мүмкін.
Танымал форвардтың ағасы ұзаққа созылған науқастан Швецияда көз жұмды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Eurosport.ru-дың итальяндық La Gazzetta dello Sport басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, спортшының Отанына оралуына осы қайғылы жайт себеп болып отыр. Ал шабуылшының клуб қатарына қашан қосылатындығы әзірше белгісіз.
Айта кетерлігі, З.Ибрагимовичтің біраз уақыт клуб сапында болмайтындығын жамбас сүйегінің зақымдануына байланыстырған еді. Шабуылшы Чемпиондар лигасының ширек финалында «Челсиге» қарсы бірінші матч кезінде жарақат алып, сол кезде оның шамамен үш апта жасыл алаңға шыға алмайтындығы жайында айтылған болатын.