Футзал: Алматының «Қайрат» клубы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алматының «Қайрат» клубы футзалдан 2008/2009 жылғы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеше Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде болған финалдық матчта «Қайрат» Ақтөбенің «Ақтөберентген» командасынан 7:4 есебімен басым түсті. Осылайша алматылық клуб қатарынан бесінші мәрте, ал өз тарихында алтыншы рет ел кубогының иегері атанып отыр. Үшінші орын үшін болған матчта Қарағандының «Тұлпары» Рудныйдың «Аят» командасын 7:3 есебімен жеңді.
Соңғы жаңалықтар