Футзал: Алматының» «Қайраты» Еременко кубогын үшінші рет ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында футзалдан өткен Еременко кубогының финалында Алматының «Қайраты» Новосібірдің «Сибиряк» командасын 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Футзал: Алматының» «Қайраты» Еременко кубогын үшінші рет ұтып алды

«Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, алдымен алматылықтар (Дуглас Нуньес) 7-минутта есеп ашты. Бір минуттан кейін Дуглас есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда ойын барысында «Сибиряк» таразы басын теңестіріп қана қоймай, 3:2 есебімен алға шыға білді. Дегенмен 43-минутта «Қайраттан» Диваней есепті қайта теңестірді. Содан кейін Михаил Першин 10 метрлік айып добын дәл соға білді. Бұдан кейін новосібірліктер қақпашысын ойыншыға ауыстырып, алға ұмтылғанымен, ештеңе істей алмады. Бұл жерде «Қайраттың» қақпашысы Игитаның да сәтті ойнап, бірнеше рет қауіпті соққыны қайтарғанын айта кету керек.

Сөйтіп Какау жаттықтыратын «Қайрат»  төртінші рет өткізіліп отырған Еременко кубогын үшінші мәрте ұтып алды. Бұған дейін алматылықтар 2014, 2016 жылдары жеңімпаз атанса, 2015 жылы үшінші орынды иеленген еді.