Футзал: «Астана-Тұлпар» ресми түрде ҚР чемпионатынан алынып тасталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Тұлпар» футзалдан Қазақстан чемпионатынан ресми түрде алынды, деп хабарлады Sports.kz.
Елордалық «Астана-Тұлпар» қаржылық қиындықтарға байланысты Қазақстан чемпионатына қатысуды жалғастыра алмай, жарыстан алынды.
Медаль үшін «Қайрат», «Аят» және «Інжу» жарысқа түседі.