Футзал бойынша әлем чемпионатында Қазақстан Аргентинадан жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Е тобындағы алғашқы матчта Аргентинадан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан құрамасының тізімі: Игита, Нұрғожин, Лео, Довгань, Дуглас - Гуров, Кнауб, Гребонос, Пенгрин, Сүлейменов, Есенаманов, Першин, Таку, Мун.
Алғашқы тайм қазақстандықтардың пайдасына шешілді, алайда аргентиналықтар есеп теңестіріп, қарсыластарынан басымырақ ойнай бастады. Осылайша, соңғы минут Аламиро Вапоракидің бос қақпаға салған голымен аяқталды, деп жазды Sports.kz.
16 қыркүйек күні Астана уақытымен 05:00-де қазақстандықтар Коста-Рикамен кездесу өткізеді. «Kazsport» телеарнасында тікелей трансляция жүргізіледі.