12:33, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Футзал: Қант қаласында Қазақстан ашық біріншілігінің екінші туры өтеді
АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Желтоқсанның 2-сі мен 6-сы аралығында Қырғызстанның Қант қаласында футзалдан Қазақстан ашық біріншілігінің екінші туры өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Федерацияның мәліметінше, бұл турда Алматының «Қайрат», Қарағандының «Тұлпар», Астананың «Ұшқын-Искра», «Бішкектің «АУБ» және «Фратон» командалары өзара сынға түседі. Бірінші турдан кейін 4 ойында 10 ұпай жинаған «Қайрат көш бастап келеді.