ФУТЗАЛ: «Қайрат» Лукаянмен қош айтысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогіндегі сәтсіздігінен кейін, клубтың ең қымбат легионерлерінің бірі Лукаян Баптистамен қош айтыспақ, деп хабарлады Sports.kz.
32 жастағы бразилиялық шабуылшы Лукаян Баптиста алматылық клуб қатарына 2015 жылдың қаңтарында қосылған. Ол команда құрамында Қазақстан Чемпионаты мен УЕФА кубогін ұтты. Алайда, «Қайрат» үшін де, футзалшы үшін де жаңа маусым сәтті болған жоқ.