ФУТЗАЛ: «Қайрат» УЕФА кубогының финалында «Барселонамен» ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын футболдан УЕФА кубогы үшін болып жатқан жарыста португалияның »Спортингі» испаниялық «Барселонадан» ұтылып қалды. Есеп - 3:5.
26 сәуірде "Барселона" мен "Қайрат" кездеседі, деп хабарлайды sports.kz.
Еске сала кетсек, соңғы жылдары үздік клубтардың қатарынан табылып жүрген Алматының «Қайраты» бұдан екі жыл бұрын УЕФА кубогын ұтып алған болатын.