Футзал: Қазақстан әлемдік рейтингте 9-орынды иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте тоғызыншы орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жаңарған рейтинг бойынша үздік ондыққа кірген Қазақстан құрамасының еншісінде 1465 ұпай бар.

Ал бұл тізімде көш басында бразилиялық спортшылар тұрса, екінші орынды Испания спортшылары еншілеген. Ал үздік үштікті Ресей құрамасы түйіндеп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы сәуір айында Еуропа 2018 іріктеу додасына қатысады. Құраманың қарсыластары - Чехия, Македония және Дания.

Соңғы жаңалықтар