12:53, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Футзал: Қазақстан-Англия 5:2
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2010 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің алдын-ала кезеңіндегі алғашқы матчын Англиямен өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.
Жарыс Ирландияның Дублин қаласында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Футбол федерациясына сілтеме жасап.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінде жерлестеріміз Англия, Кипр және Ирландия құрамаларымен «А» тобында сынға түсуде. Біздің команда екінші ойынын бүгін Кипрмен өткізеді. Ақпанның 22-де Ирландиямен кездеседі.