Футзал: Қазақстан құрамасы Беларусьтен есесін қайтарып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусь командасынан есесін қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз бірінші ойында қарсыластарына есе жіберіп алған болатын. Екінші матчта Алесионың шәкірттері қарымта кездесуге есе қайтару үшін шықты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Беларусь қақпасына үш жауапсыз гол соғып, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
Ойынның 8-ші минутында Михаил Першин қақпашымен бірге-бір шығып, Головневтен айласын асырды - 1:0. Араға алты минут салып жас футзалшы Біржан Оразов Сүлейменовтың әдемі пасынан есепті еселеді. Ал матчтың соңғы минутында Жаманқұлов нәтижені қорытындылады.
Қазақстан 3:0 Беларусь
Голдар: Першин 8, Оразов 14, Жаманқұлов 40
Қазақстан: Гуров, Шамро - Кнауб, Жаманқұлов, Сүлейменов (к), Довгань, Есенаманов, Першин, Таку, Дуглас, Солуменко, Рындин, Төреғазин, Ақбалықов, Оразов
Беларусь: Головнев, Чурилин - Гусаков, Крыкун, Алейников, Лазюк, Ольшевский, Силивончик, Черник (к), Раговик, Лось, Гончаров, Селюк, Матвеенко
Төрешілер: Қосмұхамбетов, Абраев (екеуіде - Қазақстан).