Футзал: Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ойынды қайдан көруге болады

футзал
Фото: ҚФФ

Бүгін елордада футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталық раундының ойыны өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Нидерланд құрамасымен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Kazinform.

Шешуші кездесу Астана уақытымен 20:30-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. 

Айта кетейік, А тобының жеңімпазы 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған команда да әлемдік доп додасына қатысады.

Еске салайық, футзалдан әлем чемпионаты 2024 жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында Өзбекстанда өтеді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram