Футзал: Қазақстан-Словакия 4:6

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Наурыздың 19-да Испанияда футзалдан 2010 жылғы Еуропа чемпионаты негізгі кезеңінің 2-ші топтағы ойындары басталды.

Футзал: Қазақстан-Словакия 4:6
Осы топта сынға түсіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы кездесуін Словакиямен өткізіп, 4:6 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл топтағы келесі бір ойында Испания Молдовадан 7:0 есебімен басым түсті. Жарыс күнтізбесіне сәйкес біздің команда бүгін Испаниямен, ал наурыздың 22-де Молдовамен ойнайды. Финалдық кезеңге топтан бірінші орын алған құрама ғана жолдама алады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне Ирландияның Дублин қаласында өткен іріктеу турнирінің алдын ала кезеңіндегі барлық ойындарында жеңіске жетіп барып шықты. Ол кезде Қазақстан Англияны 5:2, одан кейін Кипрді 3:0, ал үшінші кездесуінде Ирландияны 5:0 есебімен жеңді