12:57, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Футзал: Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізеді
АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындық аясында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ақпанның 9-ы мен 15-і аралығында Қарағандыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Ирландия, Англия және Кипр құрамаларына қарсылас атанып отыр. Біздің топтағы матчтар ақпанның 18-і мен 22-сі аралығында Ирландияның Дублин қаласында өтеді. Қазақстандық команда ақпанның 19-да Англиямен, 20-да Кипрмен, 22-де Ирландиямен ойнайды.