Футзалдан ӘЧ: элиталық іріктеу кезеңіне қатысатын ҚР құрамасы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіндегі Нидерланд және Румыниямен өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткендей, қазіргі кезде оқу-жаттығу жиыны Алматыда өтіп жатыр.
15 қыркүйекте сырт алаңда Нидерландпен және 20 қыркүйекте Алматыда өтетін ойындарға барлығы 16 футболшы шақырту алды.
Қақпашылар: Нұрәлем Байдулла («Атырау»), Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат).
Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Спортинг», Португалия), Эдсон, Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Жахангир Рашит, Біржан Оразов (бәрі де – «Қайрат»), Азат Валиуллин, Әбдірасул Абдуманапұлы (екеуі де – «Аят»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Жомарт Тоқаев (бәрі де – «Семей»), Арнольд Кнауб («Жетісу»).
Бапкерлер штабы:
Рикардо Кака – бас бапкер,
Дәурен Нұрғожин – бас бапкердің көмекшісі,
Григорий Шамро – қақпашылардың жаттықтырушысы,
Вендел Луиз – дене даярлығы жаттықтырушысы.