Футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан Аргентинамен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 10 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Колумбияның үш қаласында - Медельин, Кали және Букарамангада футзалдан Әлем чемпионаты өтеді, деп жазды Sports.kz.
Бүгін түнде жеребе өтті. Оған сәйкес, Қазақстан «E» тобына түсті. Онда Аргентина, Коста-Рика және Соломон аралдары бар.
2016 жылғы Әлем чемпионатындағы топтық кезеңдегі Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:
12 қыркүйек, Букараманга
Аргентина - Қазақстан
15 қыркүйек, Букараманга
Коста-Рика - Қазақстан
18 қыркүйек, Медельин
Қазақстан - Соломон аралдары.