Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» венгриялық «Халадаш» командасымен тең түсті
Футзалдан қазақстандық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі сатысында алғашқы ойынын бүгін Венгрияның «Халадаш» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.
«Қайрат» үшінші топта Испанияның «Пальма», Венгрияның «Халадаш» және Люксембургтің «Дифферданж» командаларымен кездеседі.
Бүгінгі кездесуде венгриялық ойыншылар белсенді бастады. Нәтижесінде Золтан Дрот 4-минутта есеп ашып кетті.
Одан кейін қазақстандық команда шабуылға көбірек көңіл бөлді.
Десе де қарсылас ұжым қорғанысты күшейтіп, бұл шабуылға төтеп беріп жатты.
Ойынның 15-минутында «Қайрат» сапынан Альберт Ақбалықов таразы басын теңестірсе, 21-минутта Алекс Виана алматылық клубты алға шығарды.
Ал 39-минутта венгриялық командадан Сантос Кассемиро қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Енді қазақстандық клуб алдағы ойынын 29 қазанда Испанияның «Пальма» командасымен кездеседі.
Әр топтан алғашқы үш орындағы командалар элиталы сатыға жолдама алады. Ол ойындар биылғы 28 қараша - 3 желтоқсан аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» бірінші ойынында Люксембургтің «Дифферданж» командасын жеңген еді.