Футзалдан Франция құрамасының ойыншысы 91 жылға біліктілігінен айрылды

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Францияның Футбол федерациясы футзалдан (бұрынғы шағын футбол) ел құрамасының ойыншысы Әли Бедрединді 91 жылға біліктілігінен айырды.

Футзалдан  Франция  құрамасының  ойыншысы 91  жылға     біліктілігінен  айрылды

Спортшы түрлі ұйымға қарайтын екі клубпен қатар келісімшартқа отырғаны үшін жазаланып отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Осылайша, Бедредин, шамасы жетсе, 122 жасында қайта «доп қуа алады». Спортшы бұл «ақылға сыймайтын жаза» деп отыр. Әли Бедредин тағы 1-2 жыл ойнап, одан кейін спорттан кетуді, мұғалім болуды ойлап жүргенін айтады.