Футзалдан Қазақстан-Босния және Герцеговина құрамасы арасындағы матчты жанкүйер тікелей эфирден көре алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуро-2016 іріктеу кезеңіндегі соңғы ойын 22 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді, деп хабарлады «KAZsport» телеарнасы.

Футзалдан Қазақстан-Босния және Герцеговина құрамасы арасындағы матчты жанкүйер тікелей эфирден көре алады

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 турнирінің финалдық кезеңінде ойнау үшін ертең Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін Босния және Герцеговина құрамасын қарсы ойында жеңуі керек. Жеңіске жетпеген күннің өзінде де қарсылас құрамадан 5 доп айырмашылығымен жеңілмеу керек. Сонда ғана, футзалдан Ұлттық құрама тұңғыш рет Еуро турнирде ойнайды. Босния және Герцеговинада өткен алғашқы ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы 0:5 есебімен жеңіске жеткен. Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов және Лео бір голдан салса, Дуглас дубль авторы атанған. Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Босния және Герцеговина арасындағы матч 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде сағат 20:00-де басталады. Ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.