Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Алматыда Әлем чемпионаты-2016 матчының қарымта ойынында Польшаны 7:0 есебімен ойсырата жеңді, деп жазады Sports.kz.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына өтті

Алғашқы таймның өзінде алаң қожайындары жеңімпаздың кім болатынын анықтап үлгерді, Рафала Кжысканың қақпасына біздің шабуылшылардың 5 добы соғылды. Таблода алғашқы болып, Игита көрінді, одан кейін оның командадағы әріптестері Серік Жаманқұлов пен Дуглас қос доптан жөнелтті. Екінші таймда қазақстандықтар тағы екі доппен олжа салды, оларды Лео мен Арнольд Кнауб сқоқты.

Еске сала кетейік, бірінші кездесуде ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын, сөйтіп, Қазақстан 10 қыркүйек пен 2 қазан арасында Колумбияда өтетін әлем чемпионатына шықты.