Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте орнын сақтап қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы ақпан айындағы әлемдік рейтингі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Futsalworldranking.com сайтында жаңа рейтинг белгілі болды.

Ел құрамасы 1570 ұпаймен алтыншы орнын сақтап қалды. Бесінші орында Аргентина тұрса, жетінші орынға Иран жайғасқан.

Әлемдік рейтингте алғашқы он орындағы құрамалар:

1. Бразилия - 1796 ұпай

2. Испания - 1771

3. Португалия - 1753

4. Ресей - 1671

5. Аргентина - 1650

6. Қазақстан - 1570

7. Иран - 1569

8. Марокко - 1496

9. Украина - 1457

10. Парагвай -1445.

Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының элиталық сатысына жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар