14:06, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің алдын-ала кезеңінің жарыстарына қатысады
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ақпанның 19-ы мен 22-сі аралығында Ирландияның Дублин қаласында футзалдан 2009/2010 жылдардағы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің алдын-ала кезеңінің жарыстары өтеді.
Оған футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іріктеу кезеңінде Қазақстан Ирландия, Англия және Кипр құрамаларына қарсылас атанып отыр. Біздің команда ақпанның 19-да Англиямен, 20-да Кипрмен, 22-де Ирландиямен ойнайды.