11:18, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің келесі кезеңіне шықты
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ирландияның Дублин қаласында өткен 2010 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің алдын-ала кезеңіндегі барлық ойындарында жеңіске жетіп, келесі кезеңге шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Біздің команда бірінші ойынында Англияны 5:2, одан кейін Кипрді 3:0, ал үшінші матчында алаң иелері Ирландияны 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп өз тобында бірінші орын алған жерлестеріміз іріктеу турнирінің келесі кезеңіне өтті. Бұл кезеңнің ойындары наурыздың 19-ы мен 22-сі аралығында Испанияның Гранада қаласында өтеді. Мұнда біздің команда Испания, Словакия және Молдова құрамаларымен 2-ші топта финалдық турнирге берілетін жалғыз жолдамаға таласады.