Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді. Оның орнына келуі мүмкін адамдардың ішінде бапкердің бас көмекшісі - Жозе Алесионың бәсі жоғары тұр. Дәл осы маман құраманы Евро-2018-ге дайындайды деп болжанып отыр.
Колумбияда өтіп жатқан 2016 жылғы чемпионатты аяқтағаннан кейін берген сұхбатында Какау жуық арада орнын босататынын айтқан, деп жазады Sports.kz.
Какау 2004-2009 жылдар аралығында «Қайраттың» құрамында ойнаған. Төрт жылдан кейін ол әрі өз командасының, әрі ұлттық құраманың бапкері атанды. Какау жаттықтырған кезеңде «Қайрат» 2 рет УЕФА кубогын жеңіп алған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің шешуші ойынында Соломон аралдарының құрамасын 10:0-мен жеңіп, алғаш рет плей-офф кезеңіне шықты. Алайда испандықтар жерлестерімізді жарыс жолынан тайдырды.