Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиада жолдамасына таласады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Футбол федерациясының таратқан мәліметіне сүйенсек, іріктеу матчтары 1-4 қараша күндері Испанияда өтеді.
2018 жылдың 6-18 қазан күндері Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді. Ойын бағдарламасына алғаш рет ер балалар мен қыздар (U-18) футзалы да кіріп отыр. Финалдық турнирде 10 команда ойнайды.
Іріктеу турниріне УЕФА атынан ер балалардан 16, ал қыздардан 8 құрама қатысады. Еуропа екі командаға Олимпиада (екі ер бала, екі қыздар командасы) жолдамасын бере алады.
Футзалдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы В тобына түсті. Біздің команда Испания, Ресей және Румынияға қарсы ойнайды.
Ойындар күнтізбесі:
1 қараша
Ресей - Румыния
Испания - Қазақстан
2 қараша
Қазақстан - Ресей
Испания - Румыния
3 қараша
Демалыс күні
4 қараша
Румыния - Қазақстан
Ресей- Испания
Қазақстан ұлттық құрамасы:
Қақпашылар: Ангелина Портнова, Назым Исмаилова, алаң ойыншылары: Әсемгүл Аруова, Анастасия Низамтудинова, Арайлым Орынбасарова, Александра Бурова, Алина Шалмухамбетова, Гүлмира Ташмет, Гүлім Қайырнас, Айдана Серікбай.
Бас бапкер - Еділхан Рабаев.