Фюзеляжы зақымданған Бек Эйр рейсі ұшпай қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайынан Алматы-Астана бағытындағы Бек Эйр компаниясының рейсі ұшпай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фюзеляжы зақымданған Бек Эйр рейсі ұшпай қалды

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

«18 ақпанда Бек Эйр компаниясының Алматы-Астана бағытындағы Z92100 рейсі шықпайтын болды. Жолаушыларды отырғызу және багажды тиеу кезінде Фоккер-100 ұшағының багаж есігі маңайы зақымданып қалды. Жолаушылар 1 сағаттан соң Астанаға басқа бортпен ұшып кетті. Аталған дерекке байланысты зерттеу жұмыстары басталды», - деді әуежайдан. nullnull null

Фото Bek Air әуе компаниясынан алынды