Г.Әбдіқалықова: Әрбір стипендиатқа жұмсалған инвестиция ел экономикасының игілігі үшін білім түрінде еселеніп қайтарылуы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әрбір стипендиатқа жұмсалған инвестиция ел экономикасының игілігі үшін білім түрінде еселеніп қайтарылуы тиіс. Бүгін Ақордада өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді.

Г.Әбдіқалықова: Әрбір стипендиатқа жұмсалған инвестиция ел экономикасының игілігі үшін білім түрінде еселеніп қайтарылуы тиіс

«Әрбір стипендиатқа жұмсалған инвестиция ел экономикасының игілігі үшін жаңа білім түрінде еселеніп, қайта оралуы тиіс», - деді Г.Әбдіқалықова.

Осы ретте Мемлекеттік хатшы әрбір өңірдің кадр қажеттілігін аймақтың экономикалық тартымдылығын және бәсекелестік басымдығын ескере отырып, нақты белгілеу қажеттігін баса атап өтті.

Сонымен қатар, ол республикалық комиссияның 2015 жылғы жұмысындағы жаңа экономикалық саясатты іске асыру бойынша құрылатын басым бағыттарын айқындап берді. Оған сәйкес, «Болашақ» түлектерінің Жолдауды жан-жақты жүзеге асыруға қатысуын жандандыруға барынша назар аударылатын болады.

Отырыстың қорытындысында Мемлекеттік хатшысы комиссияның жұмыстарын одан ары ұйымдастыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.