Г.Әбдіқалықова бірқатар шет мемлекет Елшілерінен сенім грамотасын қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар шет мемлекеттің жаңадан тағайындалған Елшілерінен сенім грамотасын қабылдады.
Атап айтқанда, еліміздің Мемлекеттік хатшысына Австралия Елшісі Питер Мартин Теш, Ирландия Елшісі Эдриан Макдэйд, Бенин Республикасының Елшісі Анисет Габриэль Кочофа, Эфиопия Федеративті Демократиялық Республикасының Елшісі Аялев Гобези Воркнех, Сирия Араб Республикасының Елшісі Риад Хаддад сенім грамотасын табыстады.