Г. Әбдіқалықова ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Н.Назарбаев «Г.Н.Әбдіқалықованы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», делінген хабарламада.