Г. Әбдіқалықова ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Г. Әбдіқалықова ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Комиссия отырысында азаматтарды Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөнінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен, Мемлекет басшысына ұсынылатын ұсыныстар қаралды. Қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі Тәуелсіздік Күні қарсаңында өткізіледі.