Г.Әбдіқалықованың қатысуымен Түрме реформасы форумы өтеді
«Ертең ҚР Бас прокуратурасының ғимаратында 2-ші Түрме реформасы өз жұмысын бастайды. Оның жұмысына Парламент депутаттары, Президент әкімшілігінің, дипломатиялық, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау және орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысады деп күтілуде. Бейнеконференция арқылы өңірлердегі мүдделі мекемелерінің қызметкерлері де қатысады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, өткен жылы ұйымдастырылған форум барысында екі жоба қолға алынған. Оның бірінде жеңіл-желпі қылмыс жасаған сотталушыларды түрмеге жабудың орнына электронды білезік тағу арқылы бостандыққа шығару көзделген. Ал екіншісінде түрме халқы санын төмендетуге бағытталған 10 шара қамтылған.
«Бұл жобалар қазіргі уақытта өз нәтижесін беріп отыр. Сол кезде айтылған ұсыныстардың басым бөлігі Қылмыстық, Қылмыстық атқару кодекстерінде көрініс тапты. Жалпы, бірінші форум табысты өтті деуге болады», - деді Б.Жақаев.