Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен жалпыұлттық құндылықтарды қастерлеу және ілгерілету мәселелері қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
None
None

Онда Қазақстан жолының жалпыұлттық құндылықтарын қастерлеу және ілгерілету мәселелері қаралды.

Отырысты ашқан Г.Әбдіқалықова әлемнің көптеген елдерінде жағдай бірқалыпты болмай тұрған қазіргі таңда уақытқа сай қадамдарды қарастырудың маңыздылығын атап өтті. Жаһандық өзгерістер мемлекеттен өзгермелі жағдайларға бейімделген шаралар қабылдауды қажет етеді. Мемлекет басшысының биылғы «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы жаһандық дағдарыстың жағымсыз салдарын еңсеруге және экономиканың одан әрі өсуіне бағытталған. Бұл үшін ел Президенті үш ұғыммен теңестірілген басты дағдарысқа қарсы стратагеманы ұсынды: өсім реформалар, даму. Жолдаудың аясында жаңа инвестициялық және әлеуметтік саясат іске асырылатын болады.

Мемлекеттік хатшы Жолдауды іске асыру аясында қоғамдағы рухани-адамгершілік, моральдық-этикалық құндылықтарды нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Осыған орай жалпыұлттық құндылықтарды қастерлеу және ілгерілету барлық мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар, азаматтық қоғам үшін маңызды міндет болып табылады. Тұтастай алғанда, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша жалпы қазақстандық бірегейлік пен халықтың біртұтастығын нығайтуға бағытталған «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын іске асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Г.Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар