Ғ.Әмрин жалдамалы тұрғын үй бағдарламасының ресми басталғандығын жария етті

Марлан Жиембай/ - Бүгін елорда басшысы Иманғали Тасмағамбетов және «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетовтің басшылығымен Астанадағы үлескерлік құрылыс нысандарын аяқтау мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтіп, онда «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» басқармасының төрағасы Ғосман Әмрин жалдамалы тұрғын үй бағдарламасының ресми басталғандығын жария етті.
None
None

Тұрғын үйлерді бөлу ережесінің қабылданғанын атап өткен ол, «сіздер бүгін бірқатар нысандарды, оның ішінде пайдалануға берілген «Әл-Арқа» және «Ақжайық» тұрғын үй кешендерін аралауымыздың куәсі болдыңыздар. Біз уәде еткендей, наурыз айында «Ақжайық» тұрғын үйін беретін боламыз. Қазіргі уақытта біздің акционер қалалық әкімдіктің сәйкес шешімін күтіп отыр. Осы шешім бізге түскеннен кейін адамдарды бұл нысандарға қоныстандыратын боламыз. Сондықтан жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы басталды деп айта аламын», деді.

Оның атап өтуінше, тұрғын үй төлем қабілетін растаған азаматтарға пәтері болмаған жағдайда берілмек.

«Құрылысы аяқталған үйлердің бірқатар пәтерлері акционерлердің, үкіметтің квотасы, қалған бөлігі әкімдіктің желісі бойынша бөлінеді», деді Ғ.Әмрин

Соңғы жаңалықтар