Г.Бимендина мен С.Дембай агенттіктердің жауапты хатшылары қызметтерінен босатылды
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Г.Бимендина Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;
С.Дембай Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.